Грант әділ тағайындалсын – ҰБТ-да 122 балл жинаған Дияр Абдрахман

3708
Adyrna.kz Telegram

Бүгін – Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні. Биыл тестілеуді өткізу тәртібі қатаңдады. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, тестілеу барысын тәуелсіз сарапшылар бақылайды. Сондай-ақ ҰБТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланған талапкерлер аудиториядан шығарылады. ҰБТ-да 122 балл жинаған Павлодар қаласының түлегі Дияр Абдрахман ереже жалпыға ортақ, түлектердің барлығы бірдей жағдайда дайындалуға мүмкіндік алды, грант әділ тағайындалуы керек дейді.

«Менің ойымша, телефон, шпаргалка кіргізетін түлектер өз білімімен тапсырған балалардың мемлекеттік грант ұтып алуына кедергі болады. Сондықтан тыйым салынған заттарды өзге түлектер пайдаланбауы керек. Оған жол берілмесе екен. Бізге мұғалімдеріміз телефонмен ұсталып қалсақ бақылаушы аудиториядан шығарып, акт толтыратынын үнемі ескертіп жүрді. Егер ҰБТ-дан бұл жолы сүрінсеңіздер, тамыз айында тағы бір тапсырып көруге болады. Дайындық барысында Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы тегін сынама тестерді жиырма шақты рет орындадым. Бізден бір сынып жоғары оқығандарға мұндай мүмкіндік жасалмады, біздің жолымыз болған сияқты. Тіпті калькуляторды да пайдаландық», – деді Дияр Абдрахман.

Айта кетейік, ережені бұзбаған түлектер  тамыз айында өткізілетін ҰБТ-ға қатыса алады. Бұл шекті баллды жинай алмаған түлектер үшін қосымша мүмкіндік.

"Адырна" ұлтттық порталы

Пікірлер