6 қаңтар күні таңертең Францияның Медон коммунасында Ресейден қашып барған ресейлік журналист өлі күйінде табылды. Бұл туралы Le Figaro газеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жетінші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Полиция тексеру барысында пәтерден терезе түбіне қойылған орындықты, сондай-ақ қоқыс жәшігінен дәрі-дәрмектерді тапқан. Басылым дерегінше, марқұм 38 жаста болған, өзге жеке мәліметтер әзірге жарияланбады.
Қазіргі уақытта негізгі нұсқа ретінде суицид қарастырылып отыр. Құқық қорғау органдары «өлімнің мән-жайы мен марқұмның жеке басын анықтау» үшін тергеу бастаған. Le Figaroмәліметінше, журналист бұған дейін Ресей тарапынан қоқан-лоқы көрген болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқиға кезінде пәтерде марқұмның көршісі болғаны анықталған. Ол қатты күйзеліске түскен және тек орыс тілінде сөйлеген, сондықтан оның оқиғаға куә болған-болмағаны әзірге белгісіз. Көрші полицияның бақылауымен ауруханаға жеткізілген.
Ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі: Басымды кесіп алса да бермеймін, машинамның алдында өлемін (ВИДЕО)