Не зейнетақы, не жалақы? Депутат қол сұғуға болмайтын саланы атады

1107
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Депутат Асхат Аймағамбетов жұмыс істейтін зейнеткерлерді Еңбек министрлігінің  мемлекеттік зейнетақыдан айыру туралы ұсынысын сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның айтуынша, бұл идея бюджетті оңтайландырудың әділ жолдарын іздеудің орнына халықтың ең осал топтарының бірі есебінен мемлекеттік шығындар мәселесін шешуге тырысу сияқты көрінеді.

«Адамдар ең аз қарсылық білдіретін жерде үнемдеу жолдарын іздейтін сияқты. Алдымен онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыруды қысқарту туралы ұсыныстар болды, содан кейін хоспистер мен ауыр науқастарды қолдауға, ал қазір жұмыс істейтін зейнеткерлерге қатысты ұсыныстар пайда болды. Зейнеткерлердің көпшілігі өз қалауы бойынша емес, қажеттілік бойынша жұмысын жалғастыруда, өйткені олардың табысы негізгі қажеттіліктерге жетпейді. Бюджетті үнемдеу қажет, бірақ білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақылар, жәрдемақылар және азаматтардың жалақыларына қол сұғуға болмайды» - деп жазды Асхат Аймағанбетов инстаграм әлеуметтік желісінде.

Еңбек министрі Светлана Жақыпова бұл ұсыныстың тек талқыланып жатқанын, жақын арада жүзеге асырылмайтынын түсіндірді.

Дегенмен, депутат бұл идеяның конституциялық және әділеттілік принциптеріне қайшы келетінін алға тартты. Сондай-ақ, ол қоғамда түсініспеушіліктер мен шамадан тыс мазасыздықты болдырмау үшін осындай сезімтал мәселелер бойынша әріптестерінің салмақты түрде сөйлегенін қалайтынын айтты.

Пікірлер