Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Солтүстік өңірдегі көші-қон мәселесін көтеріп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызына сауал жолдады, деп жазады "Адырна".
Өз сөзінде Қазыбек Иса СҚО халқының 31 мыңға азайып кеткенін айтып, ал қойған бірқатар мәселелерді сөйлетті:
"Ұлттық қауіпсіздік туралы заңда ел демографиясына ерекше назар аударылған. Ал халық санын көбейтуде көші-қонның рөлі зор! Көші-қон мәселесі бойынша біз бұрын бірнеше рет депутаттық сауал жасағанбыз.
Сыртқы көші-қонымыз бойынша қандастарды елге шақыру квотасы 30 жылда 100 мыңнан 1 мыңға дейін, яғни, 100 есе азайған антирекордқа жеткені туралы дабыл да қаққанбыз.
Бірақ шешілмей жатқан шаруа шаш-етектен.
Ішкі көші-қон да оңып тұрған жоқ.
Біздің мәліметімізше, 2017 жылдан бері Солтүстік өңірлер бойынша қоныстандыру бағдарламасына шамамен 450 миллиард теңге жұмсалған. Бірақ нәтижесі шамалы. Керісінше, СҚО халқы жылдан-жылға азаюда. 2017 жылы 563 мың халық болса, қазір 532 мың? Елге ел қосылмақ түгілі, керісінше 31 мың адамға азайып кеткен.
7 жылда бар болғаны 8 мыңдай адам ғана көшіп келген. Сонда жылына 1 мыңдай ғана адам қоныстанған. Ал бөлінген ақша 450 млрд!!! қайда кеткен сонда?!. Жарты триллион ел қаржысы ғой бұл?!. 8 мың адам басына шақсаң, 60 миллиондай ақша ғой бұл?!.
Көшіп келген 8 мыңның жартысы, 4 мыңы ғана жұмысқа жарамды десек те, өңірде жұмыс жоқ.
Тіпті, мыңдаған адам, ішінде қандастарымыз да бар, оңтүстік пен өзге өңірлерге қайта көшіп кеткен.
Себеп неде?
1)Суығына төтеп беретін дұрыс баспана, жылы үйі жоқ,
2)табысты жұмыс жоқ болғасын, пұлы жоқ,
3) сөйлесуге Мемлекеттік тілі жоқ Солтүстікке көшіп барғандардың жағдайы қандай қиын болғанын біз сол жаққа барып та, көріп те келгенбіз.
Сұрақ:
1. Оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасына осы күнге дейін қанша қаржы жұмсалды және ол қаржыны игеру қаншалықты тиімді болды?
2.Бүгінде солтүстік және шекаралық аймақтарда қанша отбасы тұрақтап қалды? Олардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары қандай?
3.Осы бағдарлама өзін ақтады ма?
Оның тиімділігі елдің стратегиялық және тактикалық мақсаттарына сай ма? Есеп алып, аудит жүргізу ойларыңызда жоқ па?
4.Бұдан әрі бұл бағдарлама тиімді болуы үшін не істеу керек, жоспарларыңыз бар ма?" делінді Қазыбек Исаның депуаттық сауалында.
Аталған мәселеге қатысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бағдарлама ережесіне өзгерістер енгізіп, жаңа заң жобасын әзірлеп қойғанын айтты:
"Негізі сіз көтеріп отырған мәселе министрліктің назарында. Біріншіден, келіп, осы зерттеуді жасағанда біз де өзіміз де таңғалдық. Негізі сіз айтып отырған сотүстік өңірлерде 48 мың жанұя тұрып жатыр. Олардың бірге келіп кеткен азаматтарға қарасақ, 7900 отбасы қайта көшіп кеткен. Сонымен жаңа бизнес процестерін сараптап, жаңа бағыт жасап отырмыз.
Біріншіден, әр келетін отбасыны келгенге дейін оны сүйемелдеу, жеке көмекші беру керек. Жеке көмекші ол отбасының негізгі әлеуметтік жағдайын біліп отырады. Неше баласы бар, жағдайы қандай, келгенде күтіп алады. Біріншіден, мобильдік деректер базасына енгізіп, электрондық қолтаңбасын алып беріп, күніге элктронды қызметтерге көмектесіп, практикалық режимде алып беруі керек. Негізі балаларды тіркеу, балабақша, мектеп және емхана болсын, көмек көрсетеді.
Біз өзіміз жаңағы кісілермен кездесіп, сұрағанда, олар жаңа сіз өзіңіз айтып кеттіңіз, өз наразылығын айтып отыр. Алдын ала сондай сұрақтарды шешу үшін сондай бизнес процестерді қарап, ережелерге өзгерістерді енгізіп қойдық. Және де заң жобасын әзірлеп қойдық. Сіздерге сол заң жобасымен келеміз.
Өкінішке орай, бұл бағдарламаға осы уақытқа дейін қанша қаражат жұмсалды, қанша қаражат игерілді, қазіргі уақытта айта алмаймын. Жазбаша жауап беремі" деді ол.