Еңбек министрлігі Қазақстандағы орташа жалақы мөлшерін атады

1628
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері айтылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандықтардың орташа жалақысы 2023 жылдың үшінші тоқсанына 350,5 мың теңгені құрады. Бұл ретте бұл көрсеткіш сол жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 15 мың теңгеге төмендеді

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 9,1 миллион қазақстандық жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде 6,9 миллион-жалдамалы жұмысшылар, 2,2 миллион-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жұмыссыз қазақстандықтар 451,6 мың болды. Оның 168,9 мыңы ресми тіркелген.

Пікірлер