Фото: ЖИ
1 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағында жазғы дөңгелекпен көлік жүргізуге тыйым салынады, деп хабарлайды “Адырна” kolesa-ға сілтеп.
Талап 2027 жылғы 28 ақпанға дейін қолданылады. Бұл туралы техникалық регламентте белгіленген.
Қолданыстағы талапқа сәйкес, қыс мезгілінде автокөліктер төрт дөңгелегіне де қысқы шина орнатуы керек. Оның бүйірінде «M+S», «M&S», «M S» немесе үш шыңы бар тау мен қар ұшқыны бейнеленген белгі болуы қажет.
Сонымен қатар қысқы дөңгелектің протекторының тереңдігі кемінде 4 миллиметр болуы тиіс. Бір осьте әртүрлі өлшемдегі, протекторы бөлек немесе бүртікті және бүртіксіз шиналарды қатар пайдалануға болмайды.
Белгіленген талапты бұзған жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл 2026 жылдың соңына дейін 21 625 теңгені, ал 2027 жылы 23 465 теңгені құрайды.
«Велосипедші машинама әдейі келіп соғылды». Динара Егеубаеваның сөзін желі қолданушылары жоққа шығарды
