Робототехника байқауында қазақ оқушылары топ жарып, әлем алпауыттары өрендерін артта қалдырды

4459
Adyrna.kz Telegram

Қазақ елінің оқушылары робототехника бойынша Женевада өткен халықаралық FIRST GLOBAL CHALLENGE көпсайысында топ жарып, алтын жүлдені қанжығаға байлады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетов сүйіншілерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Темір құрылғыға жан бітіріп, ой тереңдігі, ақыл кемелдігімен байқаудың бас жүлдесін қанжығалаған Қазақстан оқушылары жайлы министр:

"Оқушыларымыз Женевада робототехникадан өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Балалармен телефон арқылы байланысып, жеңіспен құттықтадым", - деп хабарлады.

15-17 жас аралығындағы әлем оқушылары қатысқан турнирде ел намысын бес өреніміз қорғады. Олардың бәрі Ұлттық FIRST Global Challenge-дің жеңімпаздары. Үздіктер турнирге қатысқан 3 күн аясында 16 ойын матчын өткізіп, бұрын-cоңды болмаған рекордтық көрсеткіштегі ұпай жинаған.

Ақпарат үшін айта кетейік, елімізде кейінгі 3 жыл ішінде 41 IT-мектеп ашылған, білім шаңырақтарында үш мыңнан астам робототехника сыныптары бар. Оларда елу бес мыңға жуық оқушы білім алып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер