Полиция Зағамбардағы зорлау ісі бойынша 2 күннен соң мәлімдеме жасады

2465
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында жасөспірім қыз зорланды. Облыстық полиция департаменті оқиғадан екі күн өткен соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«24 сәуірде кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып,  қамауға алынды. Сараптама тағайындалды және қылмыстық іс сотқа жолданады.

Сонымен қатар 25 сәуірде полицияға бөтеннің мүлкін өртеу туралы хабарламалар түсті. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Бөтеннің мүлкін өртеу фактісіне қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды және қамауға алынды. Тергеу жалғасуда»,—делінген 26 сәуір күні таратылған хабарламада.

Құзырлы орган қазіргі уақытта Зағамбар ауылында жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

«Облыс әкімі және барлық мемлекеттік орган басшыларының төрағалығымен ауыл тұрғындарына жиын өткізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді, заң шеңберінде шешім қабылданатыны ескертілді»,—деді ПД-ның баспасөз қызметі.

Полиция департаменті интернет желісінде таралған "Бірнеше оқушы ұсталды, жәбірленуші жүкті және бірқатар жігіттер зорлады" деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Қазіргі таңда жалған ақпарат таратқан бірқатар авторлар анықталды, оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қабылдануда. Барша азаматқа ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сену қажеттігін, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін»,—деп пікір білдірді Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Пікірлер