Түркістан облысында бір топ ұл 14 жастағы қызды бірнеше мәрте зорлағаны хабарланды, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы egov.press телеграм арнасы бөлісті.
Бір топ бала қызды Шымкентке әкеліп, екі күн жеке үйге қамап қойған. Кәмелетке толмаған қызды туыстары іздеу жариялап, нәтижесінде полиция қызметкерлері оны тауып, ата-анасына қайтарды. Қыздың анасының айтуынша, айыпталушы желіде интимдік видео жариялаймын деп қорқытқан.
Жантүршігерлік оқиғадан кейін зорлаушылардың бірінің туыстары ата-анасының үйіне келіп, оқушы қызды көндірмек болған. Сондай-ақ күдіктілердің әлі де бостандықта жүргені хабарланды.