Ақтауда хиджабтағы қызды зорламақ болған күдіктіні тұрғындар жазалаған

987
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Ақтауда хиджаб киген қызға шабуыл жасап, оны зорламақ болған ер адамды көшедегі адамдар ұстап, жазасын берген. Кейін полицияға тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода күдіктінің мұрнынан қан кетіп, жерде жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 11 наурыз күні түнгі 2:50 шамасында жағалауда болған.

"Қызды ұрып-соғып, есінен тандырған. Жігіт қашып бара жатқанда ұсталды", – дейді оқиғаны түсірген азамат.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні тергеуге алды. Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл жағдайдың болғанын растады және аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер