Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды. Бұл туралы деп Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Түнде бес жасар қызды ұрлады деген күдікпен ер адам қамауға алынғаннан кейін жаппай тәртіпсіздік басталған болатын.
"Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тынышталды, күдіктіні полицейлер қамауға алды. Тұрғындар тарады. Сәтбаевқа облыс әкімі кетті. Құқық қорғау органдары бұл жағдайды әділ тергеуге бар күшін салады. Халықтан түрлі арандатушылыққа бой алдырмауды сұраймыз", - деп хабарлады облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Марина Шаповалова.
Ол сонымен қатар қалалық полиция ғимаратының жанында автокөліктерге өрт қойылғанын да айтты. Шығын көлемі қазірше белгісіз.
Еске сала кетейік, қалада 23-ші шілде күні кешке жоғалып кеткен бес жасар қыз бейтаныс еркектің пәтерінен табылғаннан кейін тәртіпсіздік басталған болатын.
Қызды полицейлер мен еріктілер түні бойы бүкіл қаладан іздеді. Бала табылғаннан кейін күдікті тұрып жатқан үйдің қасына бір топ адам жиналып, күдіктіні өздері жазалау үшін оны қолдарына беруді талап етті. Ашуға булыққан олар барлық пәтердің есігін қағып шыққан
Ашуы тарамаған адамдар қала әкімдігінің ғимаратына жиналды. Сәтбаев қаласына Ұлттық ұлан күштері тартылды.
Қала билігі баланың анасының жанында екенін хабарлап, тұрғындарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.
Фото ERNUR.KZ.