Бір айдан астам уақыт бойы ереуілге шыққан West Oil Softwar мұнай сервистік компаниясының жүздеген қызметкерлері ереуілге қатысушыларға қысымды тоқтатуды талап етуде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.
Компания қызметкерлері ереуілге шыққан әріптестеріне қысым көрсетіліп жатқанын айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
13 қаңтарда жарияланған үндеуде ереуілге қатысушылар жұмыстан шығарылған 7 адам полицияға шақырылғанын айтқан. Олардың айтуынша, қызметкерлер қылмыстық кодекстің 402-бабы бойынша қозғалған істе куәгер ретінде шақырылған.
"500-ден астам азаматтық дауыс есептелмейді және бізге тек қысым жасалады. Бұл зайырлы демократиялық мемлекеттің принциптеріне қайшы келмей ме? Біз ереуілге қатысушылардың құқықтарын құрметтеуді талап етеміз", - дейді жұмысшылар.
West Oil Softwar мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жұмысты толығымен тоқтатқан. Жұмысшылар аталған мекеменің өндірістегі материалдық техникалық базасын жаңартуды сұрап, мекеме қызметкерлерінің «КазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қосу, еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің тарифімен теңестіру талаптарын айтып, ереуілге шыққан болатын.
Дегенмен, жалақы мәселесін даулаған қызметкерлер «West Oil Software» ЖШС-нің басшылығына ереуілге шығатыны жайлы хабар бермеген.
Қарақия аудандық сотына талап қоюшы ««West Oil Software» ЖШС-і жұмыскерлердің ереуілін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінген. Себебі қызметкерлер тарапынан ереуіл өткізу ұзақтығы және орындалатын қажетті жұмыстардың ең аз көлемі жөнінде ұсыныстар көрсетілмеген.
Ал сот «West Oil Software» ЖШС-нің талап қоюы қанағаттандырылып, жұмыскерлердің ереуілі заңсыз деп танылды.