Twitter Қасым-Жомарт Тоқаевтың "көк белгісін" жойды

2553
Adyrna.kz Telegram

Twitter танымал адамдардың, саясаткерлер мен өнерпаздардың, журналистердің "көк белгісін" жойып, олардың ақпарат кеңістігіндегі мәртебесін жаңғыртты. Рим папасы, Джоан Роулинг және Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі "көк белгісінен" айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

О баста Twitter-дегі "көк белгі" қолданушыларды алаяқтардың әрекетінен қорғап, жалған ақпаратпен күресудің "тұмары" болған еді. Уақыт өте келе мұндай айрықша таңбаны қалтасы қалың кез келген адам сатып ала бастады.

Сол себептен, Sky News-тің жазуынша, әлемге ықпалды, танымал тұлғалардың твиттегі мәртебесі жойылды.

Тоқаевтың "тағдырластары" да, Рим папасы, жазушы Джоан Роулинг, футбол жұлдызы Криштиану Роналду, америкалық рэпер Джей-З, әлеуметтік желідегі парақшаларындағы "көк белгіден" айырылды. Твиттерде мұндай белгіге ие 300 мыңға жуық қолданушы болған.

Ендігіде"көк белгіні" айына 11 доллар төлеп, Twitter Blue-ге жазылған адамдар ғана ала алады. Түрлі-түсті өзге белгілер қолданушының қоғамдағы орнын айқындайды. Яғни: алтын түс - бизнес өкілдері, ал сұр түс - үкімет, көпжақты ұйымның өкілдері немесе ресми тұлға.

14 наурызда Президент Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтағанда парақшасындағы көк түс болған.

                                Сурет: Twitter/TokayevKZ

Орайы келгенде айта кетейік, твитердің сұр белгісі мемлекет басшылары (президенттер, монархтар және премьер-министрлер), мемлекет басшыларының орынбасарлары (вице-президенттер, премьер-министрлердің орынбасарлары), ұлттық деңгейдегі министрлер кабинетінің мүшелері, атқарушы биліктің бас өкілі, сондай-ақ ұлттықтан жоғары немесе ұлттық конгресстің, Парламенттің барлық палаталарының жеке мүшелеріне таңылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер