Малайзия премьер-министрі Әнуар Ибрагим Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа туған күніне орай торт тарту етті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапарын аяқтаған Малайзия премьер-министрі Әнуар Ибрагимді елорда әуежайында өзі шығарып салды», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Өз кезегінде Әнуар Ибрагим Қазақстан Президентіне жылы лебізі үшін алғыс айтып, туған күніне орай ізгі тілегін білдірді.