"ҚазМұнайГаз" ереуілге шыққан жұмысшыларымен кездесті

1059
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төраға орынбасары жұмысшыларды жұмысқа шығуға шақырды.

2024 жылы 12 қарашада "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға қарасты Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерінің кәсіподағы рұқсатсыз акция ұйымдастырып, бірқатар талап қойғаны белгілі.

Одан бөлек, 2024 жылы 3 желтоқсанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, оларды жұмысқа шығуға шақырды. 

"Рұқсатсыз акцияға қатысқан БЖБ қызметкерлері толық құрамда жұмысқа шығуы керек;

Хаттаманың бірінші тармағы орындалған жағдайда, жұмысшыларға “ҚазМұнайГаз" және "Өзенмұнайгаз" тарапынан тәртіптік жаза қолданылмайды;

Барлық қойылған талап ҚР заңнамасына сәйкес бітімгерлік комиссия отырысында қаралсын", - делінген хаттамада.

Хаттама рұқсатсыз акцияға шыққан жұмысшылардың назарына жеткізілді. Алайда, "Өзенмұнайгаз" Бұрғылау жұмыстары басқармасы кәсіподақ төрағасы оған қол қоюдан бас тартты.

Айта кетейік, өткен айда Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны «Oil Construction» компаниясының жұмысшылары ереуілге шыққан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер