Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды - Антикор

2227
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды "Адырна".

"Біз оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді", - деді Антикор.

Еске салайық, «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі Әлтаевты кандидат ретінде ұсынған болатын. Алайда бірлестіктің бірнеше мүшесі жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінген.

Сот жалпы жиналыста облыстық қоғамдық ұйым мүшелерінің басым бөлігі Нұржан Әлтаевты кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынуға қарсы дауыс бергенін анықтады.

2022 жылғы 12 қазанда Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Нұржан Әлтаевтың сайлау құқығын анықтау рәсімін тоқтатты.

Нұржан Әлтаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған, сондай-ақ Мәжілістің VI шақырылымының депутаты болған.

2020 жылы Әлтаев «Аманат» (бұрынғы «Нұр Отан») партиясының мүшелігінен айырылды, ал ОСК «партияның беделін түсіретін және оның мүдделеріне нұқсан келтіретін әрекеттерді жасағаны үшін, оның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті бар екендігі туралы бірқатар жария мәлімдемелерде айтылғаны үшін» депутаттық өкілеттігінен айырылды.

Кейін «Ел тірегі» кәсіподағына кірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер