Бір топ жұмыскер Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)

3047
Adyrna.kz Telegram

Үш жыл бойы әділдікке қол жеткізе алмай жүрген жұмыскерлер президенттен көмек сұрауға мәжбүр. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.

Даудың басы 2017 жылы басталған. «Айқара» ЖШС басшысы Садықов Балтабай  Қазақстан Республикасының Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығына құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Қаржы министрлігінен 194 миллион теңге ұтып алған. Кейін келеңсіздіктер туындап, жұмыс  келісім бойынша аяқталмаған.

 «Құрметті Қасым Жомарт Кемелұлы сізден көмек сұраймыз! 2017 жылы Қаржы министрлігінен фтизиопульмонология ғылыми орталығына күрделі жөндеуге бөлінген 194 миллион теңгені ұтып алған едім. Осы жұмыс барысында директор Жолдас Аденовтің кедергілерінің кесірінен жоба бітпей қалды. Ақшаларымызды төлемеуге тырысты. Бізді сотқа берді. Алайда біз сотта кінәлі емес екенімізді дәлелдеп шықтық. Жоба бітпеді, істеген жұмысымыздың ақшасын ала алмай далмыз. Сотқа берсек сот қолдамайды, жемқорлықпен күресу мекемесі де іс қозғамай отыр»,- Директор ЖШС «Айқара» Садықов Балтабай Ибадуллаевич.

Шарасыз қалған жұмыскерлер Қасым-Жомарт Тоқаевтан «Қазақстан Азаматы ретінде көмек сұраймын» деп бейне үндеу жолдаған.

«Жоғарыда айтылғандай біз заңды түрде нысанды қалыпқа келтіру үшін 2017 жылы жеңіп алдық. Содан жұмыс басталғалы бас дәрігер Аденов мырза жұмысқа кедергі болды. Себебі біздің орнымызға басқа фирма істеу керек екен. Қысқасын айтқанда, біз бірінші сотта жеңіп, екінші сотта жартылай жеңіліп, үшінші сотта да жеңіліс таптық. 4 жылдан бері әлі өз шешімін таппады. Күрделі тексеріс жүрмеді. Біз осы мәселенің заңды түрде дұрыс шешілуін талап етеміз! Бізде әділдік жоқ!»,- директордың орынбасары Баймолдаев Ерғали Серікбаев.

« 2017 жылы тамыз айында жұмыс басталып, тек 4-5 ай жұмыс істеп, жұмыс барысында аяқтан шалу көберіек болды. 4 айдың ақшасын ала алмай әлі жүрміз. Фирманың 80 миллион ақшасы әлі де бар. Оның ішінде жұмыскерлердің жалақылары бар», - нысан жетекшісі Мусиралиев Ертай.

«Негізі нысан 9 ай бойы жұмыс істелуі керек болатын. Бөлім басшылары біздің осында жұмыс істегенімізді қаламады. Көптеген жоспарланған жұмыс аяқсыз қалды. Үш жыл бойы соттасып, әлі әділдік ала алмай жүрміз»,- ПТО басшысы Григорий Николаевич.

Үш жылдан бері шешімін таппаған бұл мәселенің артында үлкен жемқорлық пен әділетсіздік жатқаны айқын. Амалы қалмаған адамдардың аласапыран күйі жоғары жаққа жетіп, әділдік орын алатынына сенеміз!

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер