Президент жолдауы реформаларды іске асырудың нақты мерзімін айқындайды

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dZSHRGTtEWxwykt7rwr2jF8KMw9ztvwzM7NLGciW.jpg

Қазақстан республикасы президентінің жолдауы мемлекеттік реформаларды іске асырудың нақты бағдарын айқындайды. Олардың тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды шарты – алға қойған міндетті орындап, мемлекеттік институттардың жұмысының нәтижесін бағалау. Салыстырмалы саяси зерттеу бөлімінің қызметкері Шынар Топаева осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, нақты мерзімнің белгіленуі бастамалардың іске асырылу барысын бақылауға, қол жеткізген нәтижелерді бағалап, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдауға мүмкіндік бермекші.

«Нақты мерзімдер жолдауды іске асырудың нәтижесін көріп, бағалап, талдауға мүмкіндік береді», – деп толықтырды сөзін Шынар Топаева.

Сондай-ақ ол жаңа мемлекеттік басқару моделінде үкіметтің жұмысы мен мемлекеттік институттардың қызметіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Пікірлер