«QAZSPORT» үздік 5 чемпионаттың ойындарын тікелей көрсетеді

2299
Adyrna.kz Telegram

«QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин басталғалы тұрған жаңа телемаусым турасында сұхбат берді.  

- Алдымен, ең маңыздыларына тоқталсаңыз...

2 наурыздан бастап «QAZSPORT» телеарнасы эфирінде ең үздік бес ұлттық еуропалық чемпионатты (әр кезеңде әр чемпионаттан бір матчтан) көрсете бастайды. Бұл дегеніңіз, жанкүйерлер әр демалыс күндерінде Италия, Испания, Англия, Германия және Франциядан бес матчтан көреді деген сөз. Тарнсляцияны сенбі, 2 наурыз сағат 23:00-де италиялық А сериясындағы «Милан» – «Сассуоло» матчынан бастаймыз. Бұл ойын аяқталған соң сағат 01:00-де Франциядағы «Анже» – «Монако» тартысына бірден ауысамыз. Ал, жексенбі, 3 наурыз күні сағат 20:00-де Англия премьер-лигасының орталық матчтарының бірі «Фулхэм» - «Челси» көрсетіледі. Сағат 23:00-де жанкүйерлер неміс Бундеслигасының ойыны «Вольфсбург» - «Вердер» тартысын тамашалай алады. Әрі қарай жексенбінің дүйсенбіге қараған түнінде сағат 01:45-те испаниялық Ла-Лигадан «Валенсия» – «Атлетик» (Бильбао) матчын қарауға мүмкіндік бар.

ТОП-5 матчты көрсетуді жоспарлаудағы басты мақсатымыз – бұл матчтар қазақстандық контентке қосылмауы керек. Бұл жерде алдымен (жақын күндері), Универсиада мен ҚХЛ плей-офф кезеңіндегі «Барыс» матчтарының трансляциясы маңызды екенін ескеру қажет. Хоккей тартыстарының барлығы тікелей эфирде таратылады, бұл тіпті, талқыға да салынбайды. «Барыс» және оның жанкүйерлері үшін біз барлық чемпионаттарды таратуға дайынбыз. Мысалы, 2 наурыз күні сағат 20:00-де «Барыстың» Нижний Новгородтағы матчы көрсетіледі. Негізі дәл осы уақытта АПЛ «Манчестер Юнайтед» - «Саутгемптон» ойынын көрсетуге де болатын еді, бірақ бұл матч хоккейге ауысады.

- Бұл контентті сатып алған құқық иелерімен жасалған телевизиялық келісімшартта қандай ерекшеліктер бар?

Өздеріңіз байқағандай, бұл жай келісімшарт емес. «Setanta» компаниясымен келісімшарт жасасу ұзаққа созылды. Қазір жұмыстың қалай өрбуіне байланысты біраз жайттар бар: алдымен, келісімшартты осы күзде жалғастырамыз ба деген мәселе. Егер ойымыз біз жоспарлағандай іске асса, онда бұл матчтарды келесі маусымда да көрсетуіміз бек мүмкін. Мұнда барлығы бір-бірімін тығыз байланысты: матчтарды таңдау, көрсетілім уақыты, жарнамаға қатысты сұрақтар және т.б. Мысалы, келісімшартқа сәйкес, біз аталмыш ойындарды тек тікелей эфирде және белгіленген уақытта ғана көрсете аламыз (ойындарды тңдауға да құқығымыз жоқ). Сондықтан, ең үздік матчтардан көрсетілім жасауға еш құқығымыз жоқ. Ойындардың жартысы ТОП құрамалардың қатысуымен, жартысы орташа болады.

- Осы контенттің құқық иесімен келісім барысында қандай маңызды келісімдер бар?

- Бұл бір күнде отырып қол қоя салатын келіссөздер емес! «Setanta» компаниясымен келісімшарт жасасу ұзаққа созылды. Маусым соңына дейінгі жұмысымызға қарай күзде бұл серіктестікті жалғастыру жайы анықталатын болады. Мысалы, келісімшарт бойынша біз матч таңдау құқығына немесе оның уақытын өзгертіп көрсетуге мүмкіндігіміз жоқ. Әрине, мен келісімшарттың барлығын айта алмаймын. Бірақ, аталған контентті сатып алу барысында көп қаражат жұмсамадық. Бұл осы келіссөздердегі ең басты мәселе. Себебі біз салық төлеушілердің қаражатын оңды-солды жұмсай алмаймыз.

- Бір үлкен жобаны эфирге шығарып, екіншісінен айырылдық...

- UFC-ге қатысты белгілі бір себептерге байланысты /телеарнаның тарапынан емес/ жекпе-жектерді көрсетуді тоқтаттық. Өкінішке қарай, екі тараптың келісімімен UFC трансляцияларын өткізу туралы келісімшарт бұзылды. Алдағы уақытта келіссөздер жалғасып әлемдік промоушенді телеарнамызға қайта қосамыз деген үміттеміз. Айта кетейік, мұндай түсініксіз жайтқа тек «QAZSPORT» телеарнасы ғана емес, әлемнің басқа елдерінің арналары да тап болды.

- ХХІХ қысқы Универсиада ойындарының да маңыздылығын айта кеткен жөн шығар?

- Иә, біз оны 3-12 наурыз аралығында көрсетеміз. Универсиада барысында 60-тан астам телекөрсетілім жүргізілетін болады. Біздің мақсатымыз – барлық қазақстандық спортшылардың өнерін көрсету. «QAZSPORT» телеарнасы әлемдегі ең басты 5 көрсетілім таратушылары қатарында. Бұл жолы 56 мемлекеттің құрамалары қатысып, 11 спорт түрі бойынша 76 медаль сарапқа салынады. Қазақ елінің намысын 95 студент қорғамақ.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен Универсиадада қоржынға 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медаль салған спортшыларымыз көрші елде 2 жыл бұрынғы жетістігін қайталайды, деп сенеміз.

Сондай-ақ, жаңа маусымда УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының көрсетілімі жалғасын табады. Сонымен қатар, баскетболдан ел чемпионатының бірнеше ойындары көрсетілетін болады. Бұл «QAZSPORT» арнасының тарихында алғаш рет болмақ. Неге тек бірнеше? Себебі, клубтардың спорт ареналары көрсетілім жүргізуге, техникалық талаптарға сай келмейді. Біз түрлі түске әрленген және бос спорт залдарынан эфирге шыға алмаймыз ғой.

- Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ойындарының көрсетілімі не болмақ?

- Мен дәл қазір ел чемпионатын көрсетеміз деп нақты айта алмаймын. Біз әлі күнге дейін Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасымен келісімге келе алмай келеміз. Себебі, олар бізден ТВ құқық үшін қаржы сұрап отыр. Бірақ, біз не үшін төлейміз? Мысалы, Еуропаның ТОП-5 чемпионатының ойындарына құқық алған кезде бізге бәрі дайын келеді. Біз тек эфирден көрсетіп, жүргіземіз. Ал қазақстандық ойындарды көрсеткенде біз өзіміз түсіріп, оның үстіне әр облыс, қалаға іскерлік сапарға шығып және сол атқарған жұмысты өңдеуіміз керек. Мұның барлығы көп қаражатты талап етеді. Ойлап қарасаңыз, біз мемлекеттік қаржыны осы жұмыстарға жұмсап, оның үстіне сол үшін ақша төлеуіміз керек. Сондай-ақ, Кәсіпқой футбол лигасының өзі мемлекеттік бюджетке қарап отыр. Демек, бұл дегеніңіз, мемлекеттік ақшаны (біздің арна) дәл сондай бюджетке қарап отырған мекемеге (ҚКФЛ) салу. Сондықтан, бұл нұсқа бізді қанағаттандырмайды. Шынымды айтсам, шетелдік чемпионаттардың көрсетілімін алғаннан, ҚКФЛ-мен келіссөз жүргізу қиын болып тұр. Біз өз тарапымыздан ел чемпионатының 1/3 бөлігін өз қаражатымызбен көрсетуге дайын екенімізді жариялаймын. Лигаға бұдан артық не керек? Ойындар көрсетіледі, футбол дамып жатыр. Ал, ҚКФЛ-ге қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Меніңше, біздің ұстаным түсінікті әрі нақты.

Пікірлер