1,46 млн доллар. Карлсен шахматтан ең көп табыс тапқан спортшы атанды

486
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IUAWLSHdwkb2f6TNgpI8NkGdIQMJECqgFSoWA9oX.png

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен 2025 жылы шахматтан ең көп табыс тапқан спортшы атанды. Бұл туралы Chess.com жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

35 жастағы шахматшы бір жыл ішінде шамамен 1,46 миллион доллар (745 985 248 теңге - ред.) табыс тапқан. Өткен жылы Карлсен киберспорт бойынша Әлем кубогының жеңімпазы атанып, сондай-ақ рапид пен блицтен әлем чемпионы болған еді.

Жүлдеақы көлемі бойынша алғашқы үштікке америкалық шахматшылар — Фабиано Каруана(шамамен 890 мың доллар) және Левон Аронян (752 мың доллар) енген.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанғанын жазған едік. 21 жастағы спортшы Дохада өткен әлем чемпионатында топ жарғаны үшін 40 мың еуро немесе 23,8 млн теңге сыйақы алған.

Пікірлер