«Мамандандырылған зал жоқ». Әуесқой спортшы Америкаға кететінін айтты

295
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WVitg9juJyFzJQXcUqxCY8g7Eg9tSI7V0XyYnEOE.png

ММА жұлдызы әрі актер Еркебұлан Тоқтар алдағы жекпе-жегіне дайындықты АҚШ-та өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында Майами қаласына ұшатын әуе билетін рәсімдеп жатқан сәтін жариялап, 15 қаңтар мен 15 наурыз аралығында Америка Құрама Штаттарында екі айлық оқу-жаттығу жиынын өткізетінін айтты. Оның сөзінше, дайындық АҚШ-тағы топ-тимдердің бірінде өтеді.

«Бізде де мықты жаттықтырушылар бар. Бірақ дайындық тек жаттықтырушыға ғана байланысты емес. Кіммен бірге жаттығатының, серіктестеріңнің деңгейі маңызды. Мен баратын залда UFC спортшылары мен түрлі лигалардың чемпиондары дайындалады. Осындай ортада адам тез өседі. Ал Алматыда нақты мамандандырылған зал жоқ», – деді спортшы.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері " атағымен марапатталған еді.

Пікірлер