Анкарада Ердоғанның отставкасын талап еткен жаппай митингі өтті

1638
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qzhkerCi7pQJqIGA71JeBJ6UWJBUd9zZ2rwZgBfM.webp

14 қыркүйек күні Түркия астанасы Анкарада Республикалық халық партиясының (РХП) ондаған мың қолдаушысы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, акцияға қатысушылар президент Режеп Тайып Ердоғанның отставкасын талап еткен ұрандар көтерген.

Наразылық 15 қыркүйекте өтетін сот процесінің алдында ұйымдастырылды.

Сотта 2023 жылдың қарашасында өткен РХП съезінің нәтижелерін жою мәселесі қаралады. Сол жиында партия төрағасы болып Өзгүр Өзел сайланған еді.

Егер сот съезд қорытындысын жарамсыз деп тапса, Өзел қызметінен кетуге мәжбүр болады. Бұл жағдай 2028 жылғы президенттік сайлаудың мерзіміне ықпал етіп, елдегі басты оппозициялық партия ішінде өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Митинг барысында сөз сөйлеген Өзгүр Өзел айыптауларды «жала» деп атап, істің саяси астары барын айтты.

«Бұл – болашақ президентке, болашақ үкіметке қарсы бағытталған төңкеріс. Біз оған қарсыласамыз», – деді ол.

Пікірлер