Әуежайда екі ұшақтың қанаттары соқтығысты

168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4zwaywIveuvbXycKFCuJG2vF3P7XqprzN48UUdjj.webp

Фото: x.com/la_leere

АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган атындағы әуежайда American Airlines әуе компаниясына тиесілі екі ұшақтың қанаттары соғысты, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

CBS мәліметіне сәйкес, оқиға жұма күні кешкі уақытта болған. АҚШ федералдық әуе басқармасының хабарлауынша, 638-рейсті орындауға дайындалып жатқан ұшақ 2152-рейс ұшағының қанатына тиген. Сол сәтте екі әуе кемесі де ұшу-қону жолағына қарай қозғалып бара жатқан.

American Airlines компаниясының мәлімдеуінше, оқиғадан кейін екі ұшақ та тұрақ орындарына қайтарылып, техникалық тексеру үшін пайдаланудан уақытша шығарылған.

Оқиға орнына әуежайдың өрт сөндіру және құтқару қызметтері жеткен. Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, бұл жағдай басқа рейстердің кестесіне әсер етпеген.

638-рейс Техас штатындағы Даллас қаласына, ал 2152-рейс Чикагоға бағыт алған. Компания жолаушыларды басқа ұшақтарға отырғызып, сапарларын сол күні жалғастыруға мүмкіндік беретінін хабарлады.

Пікірлер