Алып қашқан қалыңдықтың аяусыз өлімі Қырғызстанды дүр сілкіндірді

7536
Adyrna.kz Telegram

Бішкекте Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында «Зорлық-зомбылыққа қарсы» митингі өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп.

Қырғызстандықтар 5 сәуірде ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне байланысты наразылық митингіне шықты. Митингке қатысушылар министрлік басшысы Ұлан Ниязбеков пен Бішкек полиция басқармасының бастығы Бақыт Матмусаевтың отставкаға кетуін талап етуде.

Наразылық білдірушілерге Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеу қызметі қызметкерлерінің бірі шықты. Митингке шыққандар оны тыңдамай, министрдің кетуін талап етті.

Митингке 200-ден астам адам жиналды. Бішкектегі наразылық білдірушілер премьер-министрге «ұят» деп айқайлауда. «Зорлық-зомбылыққа қарсы» митингіге қатысушыларға Қырғызстан үкіметінің басшысы Улукбек Марипов шықты. Премьер-министр президент Садыр Жапаров Ішкі істер министрлігі басшысының отставкасын қарастырып жатқанын айтты.

«Тергеу аяқталғанға дейін мен кімнің кінәлі екенін айта алмаймын», деді Марипов.

Енді наразылық білдірушілер үкімет ғимаратына көшті.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ұрланған қыз бен оны ұрлап әкеткен адамның денелері жатқан көлік табылғаны белгілі болды.

Полицияның алдын-ала ақпараты бойынша, ер адам қақтығыс кезінде қызды тұншықтырып өлтірген, содан кейін пышақ жарақатын салып, өз-өзіне қол жұмсаған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер