2 жылдан кейін. Мұрат Боранбаевтың ұсталғаны айтылды

1043
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3RBpUrj5cu1JAPyU437RJ6RZo1EiDDOGoy5gj6ik.webp

Қаржылық мониторинг агенттігі Кайрат Боранбаевтың ағасы, кәсіпкер Мұрат Боранбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі Мұрат Боранбаевты 2022 жылы іздеуге жариялаған болатын. Ол Алматыдағы ақылы автотұрақтарға қатысты қылмыстық істің  ұйымдастырушысы ретінде аталды. Мемлекеттік сатып алу сайтында 2017 жылы Мұрат Боранбаев «Alan Parking» ЖШС-нің басшысы ретінде тіркелгені туралы мәлімет болған.

2022 жылғы сәуірде осы компанияның директоры Мұхтар Базарбаевтың ұсталғаны жарияланды, ал көп ұзамай «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков те қамауға алынған.

Өткен жылдың желтоқсанында Кайрат Боранбаевқа тиесілі RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыздық үлесті сатып алды. Бұған дейін бұл ақылы автотұрақтар операторы мемлекет меншігінде болған. Кейін Алматы әкімдігі «Алматы спецтехпаркинг сервис» компаниясындағы 70% және Alan Parking компаниясындағы 100% үлестің қала меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді.

Өткен жылдың күзіне дейін Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуде болған. Сол кезде Қаржылық мониторинг агенттігі Экономикалық тергеу қызметі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Пікірлер