Шекарадан 51 тонна автоқұралар алып өтпек болғандар ұсталды

2081
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан-Қытай шекарасынан жалпы салмағы 51 тонна болатын көлік құралдарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Көлік құралдарын заңсыз алып өтпек болғандарды шекарашылар "Алтынкөл" кеденінде анықтады. Болжам бойынша, автокөлік құралдарының жалпы суммасы 50 миллион теңге. Артылған жүк пен техника материалдары Жетісу облысының экономика бойынша тергеу департаментіне жөнелтілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер