«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Д-ны 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп 2 маусым күні түсініктеме берді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.
Талдықорған футбол командасы жетекшісінің ұсталу себебі айтылмады.
Бұған дейін бірқатар БАҚ «Жетісу» футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.
Әлеуметтік желіде тараған кейбір бейресми мәліметтерде Қалмұхамет Дөңсебаевты антикор ұстағаны және ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдікке ілінгені айтылады.