Фото: Ludovic MARIN / AFP via Getty Images
Армения алдағы жылдары мемлекеттік шекараларын күзету жауапкершілігін толықтай өз күштеріне беруді көздеп отыр, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл туралы елдің премьер-министрі Никол Пашинян 26 қарашада өткен брифингте айтты.
Үкімет басшысының айтуынша, Ресей шекарашыларының Армения шекарасын күзетуге қатысуы кезең-кезеңімен тоқтатылуы тиіс.
«Ресей шекарашыларына осы уақытқа дейін Армения шекарасында қызмет атқарғаны үшін алғыс айтамыз. Алайда алдағы жылдары шекарамызды күзету жауапкершілігін толықтай өз мойнымызға алатын уақыт келді деп есептеймін», – деді Никол Пашинян.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі Арменияның Түркия және Иранмен шекараларын армян бөлімшелерімен бірлесіп күзетеді. Бұл қызмет 1992 жылғы келісім негізінде жүзеге асырылып келеді.
