Тек әйелдерге шабуыл жасаған тонаушы қолға түсті

3442
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/3e509f4e-4ed8-40d1-b290-e339c03053f9.jpeg
Бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Полицияның мәліметінше, ол Алматы қаласындағы Абай даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысында түнде жалғыз кетіп бара жатқан қыздардың қолынан ұялы телефондарын тартып алған. Қазіргі таңда Алмалы және Бостандық аудандарынан 14 адамнан арыз түскен.  
Пікірлер