15 жылдан кейін. АҚШ-та ер адам ату жазасына кесілді

1388
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС
Фото: ВВС

67 жастағы Брэд Сигмон, бұрынғы сүйіктісінің ата-анасын бейсбол битасымен өлтіргені үшін сотталған. Ол соңғы 15 жылда АҚШ-та ату жазасы арқылы өлім жазасы орындалған алғашқы сотталушы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ВВС мәліметінше, Оңтүстік Каролина штатының түзеу департаментінің мәліметінше, өлім жазасы 8 наурыз күні жергілікті уақытпен 18:00-ден кейін жүзеге асырылған. Оны үш арнайы дайындалған офицер винтовкамен атты.

Сотталушы камера ішінде арнайы орындыққа байланған, ал жүрек тұсына қызыл нысана белгісі қойылған. Куәгерлердің айтуынша, ату кезінде оның басына қап кигізілген.

Сигмон соңғы сөзінде «менің соңғы сөзім – сүйіспеншілік туралы болсын» деп, христиан қауымын өлім жазасын жоюға шақырды. Оны ату жазасына кесу туралы шешім қабылданғаннан кейін, оған электр орындығы, өлім инъекциясы немесе ату жазасын таңдау мүмкіндігі берілген. Ол ату жазасын таңдаған, себебі басқа әдістердің тиімділігіне күмәнданған.

Бұл АҚШ-та 2010 жылдан бері алғашқы ату жазасы арқылы орындалған өлім жазасы болды. Сондай-ақ, 1976 жылы елде өлім жазасына қойылған мораторий алынып тасталғаннан бері, ату арқылы өлім жазасына кесілген төртінші адам ретінде тіркелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер