АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейге қатысты санкциялар мерзімін тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы АҚШ-тың Федералды тізіліміндегі хабарламада айтылған.
Жарлық 2021 жылғы 15 сәуірде қабылданған.
Аталған жарлықты Байден әкімшілігі бірнеше рет кеңейтіп, ұзартқан.
Санкциялар ресейлік жеке және заңды тұлғаларға қарсы енгізілген. АҚШ билігінің мәлімдеуінше, олар кибершабуылдарға, сайлауға араласуға, америкалық азаматтарға зиян келтіруге немесе оларды өлтіруге, сондай-ақ санкцияларды айналып өтуге бағытталған операцияларға қатысы бар.