Қытай жалдамалылары және офицерлері бөлек. Украинада 200-ге жуық қытайлық соғысып жатыр

1010
Adyrna.kz Telegram
Фото: en.topwar.ru
Фото: en.topwar.ru

Украинаға қарсы соғыста Ресей тарапында жүзден астам қытайлық жалдамалы әскер соғысып жүр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы жұма күні АҚШ-тың барлау мәліметтерімен таныс екі шенеунік және Батыс елдерінің бірінің бұрынғы барлаушысы мәлімдеген.

Reuters мәліметінше, бұл жалдамалылардың Қытай Халық Республикасының үкіметімен тікелей байланысы жоқ. Америкалық шенеуніктердің айтуынша, бұл қытайлық жауынгерлердің дайындығы төмен, әрі олар Ресейдің әскери операцияларына елеулі әсер етіп отырған жоқ.

Батыс барлау қызметінің бұрынғы қызметкері жалдамалылардың нақты саны шамамен 200-ге жуық екенін атап өтті.

Сонымен қатар, агенттіктің дерегіне қарағанда, Ресейдің майдан шебінен тыс аймақтарында Қытай офицерлері соғыс барысынан тактикалық сабақ алып жатыр.

Reuters дереккөзінің айтуынша, бұл офицерлердің сол жерде болуы – Бейжіңнің келісімімен жүзеге асқан.

"Олар бұл жерде келісіммен жүргені – сөзсіз", – деп мәлімдеген ақпарат беруші.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер