Трамп Байденнен ерекшеленіп, когнитивті тест тапсырды

1027
Adyrna.kz Telegram
Фото: Time
Фото: Time

Америка Құрама Штаттарының қазіргі президенті Дональд Трамп жоспарлы медициналық тексеру аясында когнитивті тестілеуден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.

78 жастағы саясаткер осы қадам арқылы бұрынғы президент Джо Байденнен өзгеше әрекет етуді шешкенін айтты. Байден кезінде мұндай тестілеуден өтуден бас тартқан еді.

– Мен барлық сұрақтарға дұрыс жауап бергенімнен басқа не айтарымды білмеймін, – деді Трамп 11 сәуір күні кешке журналистерге. Алайда ол тесттің түрі мен нақты нәтижелері туралы егжей-тегжейлі мәлімет берген жоқ.

Дональд Трамп бұған дейін де бірнеше рет когнитивті тест тапсырғанын және барлық сұрақтарға дұрыс жауап бергенін айтып келеді. Оның айтуынша, бұл тесттер оның ақыл-ойының қалыпты екенін дәлелдейтін құрал.

Президент өзінің жалпы денсаулық жағдайы туралы да  пікір білдірді.

– Жалпы, мен өзімді өте жақсы формада сезіндім. Жүрегім тыныш, жаным жомарт, – деді ол.

Когнитивті тест нәтижесі 13 сәуірде жарияланады.

Айта кетейік, АҚШ-та президенттердің денсаулығына қатысты ақпаратты ашық жариялау – заңмен міндеттелмегенімен, жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі тәжірибе. Дональд Трамп алғашқы президенттік мерзімі кезінде (2017–2021) өз ақыл-ой қабілеті мен ел басқару жарамдылығына қатысты айтылған күмәндерден кейін 2018 жылы когнитивті тесттен өткен. Ол кезде Трамп 30 сұрақтың барлығына дұрыс жауап беріп, ең жоғары көрсеткішке ие болғанын мақтан тұтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер