АҚШ Ресейге жаңа санкциялар енгізбек

233
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі осы аптада Ресей экономикасына қарсы жаңа санкцияларды енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Украинаға 500 миллион доллар көлемінде әскери көмек көрсету туралы шешім қабылданған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл пакетке әуе қорғанысы зымырандары, авиациялық оқ-дәрілер және F-16 жауынгерлік жабдықтары кіреді.

Байденнің кеңесшілері Украина майдан даласындағы позициясын нығайтқан жағдайда, Ресеймен келіссөздер жүргізуде тиімді шарттарға қол жеткізе алатынына сенеді. Бұған қоса, АҚШ Қытай мен Солтүстік Кореяның Ресейге ықтимал қолдауын зерттеп, олардың рөліне қатысты санкцияларды талқылауда.

АҚШ қаржы министрі Джанет Йелленнің мәлімдеуінше, Вашингтон Ресейдің мұнай экспортынан түсетін табысын азайту және шетелдік ресурстарға қол жеткізуін шектеу жұмыстарын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Джо Байденді ел тарихындағы ең нашар президент деп сынға алған болатын. Ал демократтар атынан өткен сайлауға қатысқан Камала Харрис жеңіске жете алмады.

Пікірлер