Палестина билігі Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қатарлық «Әл-Жазира» телеарнасының хабар таратуын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы CNN-ге сілтеп.
Палестинаның ресми ақпарат агенттігі Wafa-ның мәліметінше, телеарна «Палестина ішкі істеріне араласатын қоздырғыш материалдар мен алаңдаушылық тудыратын хабарламаларды» таратқаны үшін айыпталған. Билік арнаның қызметі оның құқықтық мәртебесі реттелгеннен кейін ғана қалпына келуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Телеарна бұл шешімді сынға алып, оны «басып алынған аумақтардағы шындықты жасыру әрекеті» деп атады.
“Жабу туралы шешім билік демеушілік еткен ұйымдардың біздің журналистерге қарсы арандату мен қорқыту науқанынан кейін қабылданды”, — делінген телеарна таратқан мәлімдемеде.
Арна биліктен бұл шешімді қайта қарауды және түсіру тобына елдегі оқиғаларды көрсетуді жалғастыруға рұқсат беруді талап етті.
Айта кетейік, бұған дейін «Әл-Жазира» АҚШ аумағында да хабар таратуды тоқтатқан болатын. Бұл жағдай телеарнаның қызметі түрлі елдерде саяси қысымға ұшырап отырғанын көрсетеді.