Жапонияның ең қарт тұрғыны және әлемдегі ең қарт адам атанған Томико Итоока 116 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлады.
Итоока 29 желтоқсан күні қайтыс болған. Ол әлемдегі ең қарт адам мәртебесін 2023 жылдың желтоқсанында, 116 жастағы Фуса Тацуми қайтыс болғаннан кейін иеленген еді.
Томико Итоокаға 2024 жылдың қыркүйегінде Гиннестің рекордтар кітабы ресми түрде “әлемдегі ең қарт адам” атағын берген болатын. Қазіргі таңда бұл мәртебе Бразилияның 116 жастағы тұрғыны Ина Канабарро Лукасқа өтті.
Еске сала кетейік, Томико Итоока Жапонияның Аcия қаласында тұрған және осы жылдың тамыз айында әлемнің ең қарт тұрғыны ретінде тіркелген болатын.