Ақтаудағы апат құрбандары құрметіне шығарылған қазақша ән тарады

805
Adyrna.kz Telegram

Ақтау маңындағы ұшақ апатының құрбандарына арнап қазақ тілінде ән шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

«Бір ұяның егізіміз
Ортақ айдын теңізіміз
Бірімізге ең жып-жылы
Лебізіміз
Бірімізді іздеуменен

Не бар бірге біз көрмеген?!
Қуаныш пен қайғым ортақ
Сіздерменен
Бір кем дүние!
Қиналса да мейлі жаным-ай
Үміт келер шолпан таң», – делінген әннің мәтінінде.

«Теңіз-жүрек» әні қазақ және әзербайжан тілдерінде шырқалған. Ал бұған дейін апатқа арнап, әзербайжан және орыс тілдерінде өзге ән шықты.

Қазақ тілді әннің музыкасын Ренат Гайсин жазған, сөзін Данияр Алдаберген мен Эльмира Дехгани жазған.

Еске сала кетейік, Ақтау әуежайы маңында Azerbaijan Airlines компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Баку–Грозный бағыты бойынша ұшқан ұшақтың апатқа ұшырау себебі алдын ала аталды.

AZAL авиакомпаниясы Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушылар тізімін жариялады. 287 адам және 65 техника жұмыс істеп жатыр. Жаңартылған мәлімет бойынша, 29 адам зардап шекті. Ұшақта аман қалғандар тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ.

Пікірлер