Ресей апаттан зардап шеккен азаматтарын елден алып кетті

340
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалған Ресей азаматтары еліне қайтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресейдің ТЖМ авиациясы апаттан зардап шеккен Ресейдің 9 азаматын Ақтаудан Мәскеуге алып кетті.

Медициналық модульдері бар Ресей ТЖМ Ил-76 арнайы борт ұшағы апаттан зардап шеккен Ресей азаматтарын Мәскеуге жеткізу үшін Қазақстанға келген.

25 желтоқсан күні кешке Ресей ұшағы Ақтауға келіп қонды.

«Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің нұсқауына сәйкес және Ресей ТЖМ басшысы Александр Куренковтың тапсырмасы бойынша арнайы борт Мәскеуден Ақтауға ұшып кетті», - делінген Ресей басылымдарының бірінде.

Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған кезде Ресейдің жеті азаматы қаза тапқанын мәлімдеген еді.

«Ұшақта Ресей Федерациясынан 16 жолаушы болған. Жеті адам қаза тауып, тоғыз адам аман қалды», - деді Қарабаев.

Ақтау ауруханасында ұшақ апатынан жараланған 20 науқас қалған.

«Қалған науқастар ем қабылдап жатыр. Жеті адам – реанимацияда, 12 адам – бөлімде, бір бала – балалар ауруханасында» - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім жетекшісі Жанар Сыдыққызы.

Пікірлер