Моңғол тілі туралы заңға сәйкес, 2025 жылдың 2 қаңтарынан бастап ресми мемлекеттік құжаттарда кириллица да, дәстүрлі моңғол жазуы да қолданылады. Бұл туралы моңғолдық МОНЦАМЭ агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Моңғол тілінің осы Заңының 7.2-бабының 11.1.2. тармағында мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының ресми құжаттарды ұлттық жазумен қатар кириллицада жүргізу міндеті көзделген. Бұл ұлттық жазу бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру және тиісінше білім беру жүйесін қамтамасыз ету негізінде іске асырылады. 24.2-баптың 7.2-тармағы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді”, делінген құжатта.
Білім беру ұйымдары осы Заңның талаптарын орындауда басты рөл атқарады.
2021 жылы өткізілген ұлттық сауалнамаға мемлекеттік қызметкерлердің 150 мыңға жуық өкілі қатысқан .
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, мемлекеттік қызметкерлердің 50 пайыздан астамы ресми құжаттарда кириллицаны дәстүрлі моңғол жазуымен қатар қолдануға дайын екенін білдірген, ал қалған 46,4 пайызы қарсы екенін айтқан.
Ел бойынша орташа көрсеткіштермен және басқа аймақтармен салыстырғанда, Говь-Алтай аймағының мемлекеттік қызметкерлерінің 74,7 пайызы өз жұмыстарында моңғол жазуын пайдалануға дайын екендерін білдірген, бұл ең жоғары көрсеткіш болды.
Сондай-ақ, 200 мың мемлекеттік қызметкерлердің арасында 69 мың 400 қызметкер немесе 53,6 пайызы мектептің бірінші сыныбынан бастап моңғол жазуын үйренген.