Израильдің экс-қорғаныс министрі Газадағы қылмысқа өз елін айыптады

804
Adyrna.kz Telegram
Фото: unn.ua
Фото: unn.ua

Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Моше Яалон өз елін Газа секторында әскери қылмыстар мен этникалық тазартулар жасады деп айыптады. Бұл туралы NBC News басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Моше Яалон Reshet Bet радиосына берген сұхбатында Израиль үкіметі Израиль қорғаныс күштері сарбаздарының өміріне қауіп төндіргенін айтты.

“Мен Газаның солтүстігінде қызмет ететін қолбасшылар атынан сөйлеп тұрмын. Ол жерде үлкен қылмыстар жасалып жатыр”, — деді Моше Яалон.

Ал Нетаньяхудың одақтастары Моше Яалонның сөздерін жоққа шығарды.

2005 жылы аяқталған екінші интифада немесе палестиналықтардың Израиль басқыншылығына қарсы «көтерілісінде» Яалон Израиль қорғаныс күштерінің штаб бастығы болғаны белгілі. Ол сондай-ақ 2013-2016 жылдары Израиль қорғаныс министрі қызметін атқарды.

Еске салсақ, таяуда ғана Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Вениамин Нетаньяхуді қамауға санкция берген. Ал Израиль Халықаралық қылмыстық сот шешіміне қарсы шағым түсірген. Израиль әскерінің былтырғы қазан айынан бергі Газа секторындағы әрекеті кезінде кем дегенде 3 мыңнан аса палестиналық қаза тапты деп есептеледі. Израиль әскерінің шығыны жүздеп саналады.

 

 

Пікірлер