Аммандағы Израиль елшілігінің маңында атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, полиция және жедел жәрдем қызметтері тез арада Рабиа ауданындағы дипломатиялық өкілдік орналасқан жерге жеткен.
Қауіпсіздік қызметінің дереккөзі полиция күдіктілерді іздеу операциясын жүргізіп жатқанда тұрғындарды үйлеріне шықпауға шақырды.
Айта кету керек, қатаң күзетілетін елшілік аумағы жиі Израильге қарсы наразылық демонстрациялары өтетін орынға айналады.
Кейбір араб тілді БАҚ оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады.
Кейін атысты бастаған ер адамның оқиға орнында атып өлтірілгені белгілі болды. Бұл оқиға салдарынан үш полицей жарақат алған.