Сирияда террористік ұйымның құрамында болған 2 қазақстандық сотталды

243
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Сирияда террористік ұйымның құрамында болған 2 қазақстандық сотталды. Бұл туралы бүгін, 23 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті  айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Жүргізілген операциялардың нәтижесінде шетелден табылған 2 азамат елге жеткізіліп, қамауға алынды»,—делінген хабарламада.

Солардың біреуі — Түркістан облысының тұрғыны. Ол террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған. Екіншісі — Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған.

«Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді»,—деп толықтырды ҰҚК.

Пікірлер