Чемодандағы доллар. "Ескі Қазақстанның" Даниялы жайлы да дерек шыға бастады

442
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниял Ахметовке Қорғаныс министрі болған кезінде израильдік тараптан доллар толы дипломат алған деген айып тағылды. Бұл туралы кеңес және қазақстандық әскери қайраткер, генерал-майор Тұрсын Айжұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Кәрібжанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде ұзақ жұмыс істеген жоқ. Онда Назарбаевтың жақын туыстары мен одақтастарының үлкен мүдделері болды, ал бұл мүдделерді қорғау мен жүзеге асыру үшін Кәрібжанов жарамады. Себебі ол адал адам еді. Оның орнына Бергеневті  таңдады. Ол Назарбаев әулетіне, әсіресе Дариғаға (Назарбаеваға) қолайлы болды. Бірақ көп ұзамай оның орнына тағы да басқа адам – Даниял Ахметовты қойды. Ол сенімді адам болатын. Расымен, бұған дейін Ахметов әскери қарсы барлау қызметінің чекистері тарапынан Қорғаныс министрі болып тұрған кезінде израильдіктерден доллар толы дипломат алғаны үшін ұсталған еді. Алайда оны Нұрсұлтан Әбішұлы кешірді. Ахметов Чубарада ішімдікке салынып кете жаздаған. Кейін ол министр ретінде Мәскеуге жіберілді, одан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл Назарбаев әулетінің мүддесі үшін жасалған «берік шешім» еді. НӘН қызметінен кетер алдында оның әкімдік өкілеттігін ұзартқаны да бекер емес. Ахметовті ұстап алған әскери қарсы барлау қызметкерлерін жұмыстан шығарып, зейнетке жіберді», - деп жазды Айжұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, тоғыз жыл бойы ШҚО әкімі болған Ахметов 2023 жылғы маусымда қызметінен босатылды. Ол Қорғаныс министрі қызметін 2007 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың маусымына дейін атқарған.

Пікірлер