Артур әрмен кетті ме? Платонов Президент әкімшілігіндегі қызметінен босады

677
Adyrna.kz Telegram
Фото: Наш Костанай
Фото: Наш Костанай

Бұрынғы мәжіліс депутаты Артур Платонов Қазақстан Президенті әкімшілігіндегі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Қазан айында Платонов Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Ол бұған дейін КТК телеарнасында 2001 жылдан бастап 10 жыл бойы «Портрет недели» бағдарламасын жүргізген.

2016-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясынан Мәжіліс депутаты болып сайланған. Ал 2019-2022 жылдары партияның саяси кеңесінің мүшесі ретінде қызмет атқарды.

Пікірлер