АҚШ президенті Украинаға жаяу әскерге арналған миналарды жеткізуді мақұлдады

388
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға жаяу әскерге арналған миналар жеткізуді мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  The Washington Post газетіне сілтеме жасап.

Бұл туралы 19 қараша күні аты-жөнін жасырған екі америкалық шенеунік мәлімдеген.

Бұл оқ-дәрілерді қолдану тек Украина аумағымен шектеледі.

Миналар Украина Қарулы Күштері үшін уақыт өте келе өздігінен жойылатын немесе батарея қуатын жоғалтып, белсенді болмай қалатын түрлерге жатады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін қауіп-қатерді азайтады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл оқ-дәрілерді жеткізуді Ресей әскерінің шабуылын тежейтін ең тиімді қадамдардың бірі ретінде қарастырады.

Соңғы күндері Вашингтонның Украинаға әскери қолдау көрсету жөніндегі бірнеше шешімі жария болды. 17 қарашада бірқатар америкалық БАҚ АҚШ-тың Украинаға берген ұзақ қашықтықтағы қарулармен Ресей аумағына соққы жасаудың шектеулерін алып тастағанын хабарлады.

The New York Times газетінің дереккөздерінің айтуынша бұл ақпарат ATACMS тактикалық зымырандары туралы.

«Пентагон Украинаға 275 миллион доллар (шамамен 260 миллион еуро) көлемінде жаңа әскери көмек пакетін жөнелтуді жоспарлап отыр»,- деп хабарлады Associated Press агенттігінің дереккөздері. Бірақ егжей-тегжейлі толық ақпарат берілмеді.

АҚШ-тағы келесі президент, Дональд Трамп, екі айдан кейін Байденді алмастырады. Республикандық Трамп Вашингтонның Киевке көрсеткен қаржылық және әскери көмек көлемін бірнеше рет сынап, соғысты 24 сағат ішінде аяқтауға уәде берген еді. Бірақ нақты қалай екені туралы түсіндірмеді.

Дегенмен, Трамп Украинаға өздерінің халықаралық деңгейде танылған территориясының бір бөлігінен бас тартуды және осылайша әскери қақтығысты аяқтауға көмектесуді ұсынған болатын.

Пікірлер