АҚШ ядролық соққы алмасу шарттарын атады

896
Adyrna.kz Telegram
Фото: hse.ru
Фото: hse.ru

АҚШ қорғаныс министрлігінің стратегиялық қолбасшылығының өкілі Томас Бьюкенен Ресеймен ядролық қару қолдану мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында сөйлеген сөзінде Бьюкенен ядролық соққылар алмасу жағдайында АҚШ үшін ең қолайлы шарттарды сақтау маңызды екенін айтты.

"Ядролық қаруды қолдану туралы айтатын болсақ, біз ешқашан соққы жасағымыз келмейді. Дегенмен, егер ондай қажеттілік туындаса, біз арсеналдың бір бөлігін сақтай отырып, Америка Құрама Штаттары үшін ең тиімді шарттарда әрекет етеміз," – деді ол.

Сонымен қатар, ол ядролық қаруды қолдану стратегиясының басты мақсаты – жауды тежеу екенін атап өтті. Бьюкененнің айтуынша, АҚШ үшін басты шарт – ядролық арсеналды толық жұмсамай, резервті сақтап қалу арқылы өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

"Барлық ресурстарды бірден жұмсау дұрыс емес. Біз әрдайым резервтік қорымызды сақтауымыз керек," – деп түсіндірді контр-адмирал.

Сонымен бірге, Пентагон өкілі АҚШ-тың ядролық соққыларға түбегейлі қарсы екенін тағы да баса айтты.

РБК Стокгольм бейбітшілікті зерттеу институтының деректеріне сілтеме жасап, 2023 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Ресейде 4,5 мың, ал АҚШ-та 3,7 мың ядролық оқтұмсық бар екенін хабарлады.

Бұл мәлімдеме қазіргі геосаяси ахуалда ядролық қарудың қолдану қаупі туралы талқылаулардың қайта күшейіп жатқанын көрсетеді.

Пікірлер