«Мораторий жарияланды». Зашаған кенті қашан қазақшаланады?

1113
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің Зашаған кентіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бұған дейін Орал қаласының іргесіндегі Зашаған кентінің атауын ауыстыру туралы бастама көтерілген болатын. 65 мың халық тұратын Зашаған кентінің атауы қашан ауысады?» деген журналистің сұрағына әкім жауап берді.

«Осындай мәселені халықпен кездесуде көтеріп жүреді. Бүгінгі күні бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Себебі қазір елді мекендердің атауын ауыстыру, мектеп, көше аттарын беруге қатысты мораторий жарияланды. Сондықтан  бұл мәселе бүгінгі күні ашық мәселе» – деді облыс әкімі.

Пікірлер