Испанияның Валенсия қаласында 100 мыңнан астам адам аймақ басшысы Карлос Маcонның отставкасын талап етіп, наразылыққа шықты. Акция салдарынан 30 полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі EITB басылымына сілтеме жасап.
Шетелдік БАҚ төрт наразылық білдірушінің ұсталғанын мәлімдеді. Олардың екеуі қоғамдық тәртіпті бұзса, тағы екеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаған.
Айта кетейік, қазан айында аймақтағы су тасқыны салдарынан 200-ден астам адам қаза тауып, ондаған адам із-түссіз жоғалған болатын. Наразылық білдірушілер билік өкілдерін табиғи апат туралы дер кезінде хабардар етпегені үшін айыптап отыр.