Газа Денсаулық сақтау министрлігі әскери қақтығыстар басталғанынан бері қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігі Telegram-каналында 2023 жылдың 7 қазанынан бері соғыстың құрбандарының саны 43 603 адамға жетіп, 102 929 адам жарақат алғанын айтты. Сонымен қатар, Газа секторындағы отбасылардың жаппай қырылуы туралы мәліметтер келтіріді. Оның нәтижесінде 51 адам қаза тауып, 164 адам жарақат алған.
Министрлік мәліметі бойынша, көптеген зардап шеккендер әлі де қирандылардың астында қалып, құтқару қызметі мен азаматтық қорғаныс бригадалары оларға жете алмай отыр.