Украина Мәскеуге 34 дронмен шабуыл жасады

1019
Adyrna.kz Telegram
Фото: focus.ua
Фото: focus.ua

Украина билігінің мәлімдеуінше, өткен түні Ресей Украинаға қарай 145 дрон жіберген, бұл соғыс басталғалы тіркелген ең көп көрсеткіш, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Голос Америкаға сілтеме жасап. 

Жексенбі күні Украина Мәскеуге 34 дрон жіберіп, 2022 жылы соғыс басталғаннан бері Ресей астанасына  ең ірі шабуылдардың бірін жасады.

Мәскеудің үш негізгі әуежайында рейстерді қайта бағыттауға тура келді. Бұл шабуылдан Подмосковьеде бір адам жарақат алды.Әуе қозғалысын басқару федералды агенттігінің деректері бойынша Домодедово, Шереметьево және Жуковский әуежайларында 36 рейстің уақыты шегеріліп, кейін қайта қалпына келтірілген.

Ресейдің қорғаныс министрлігі Батыс аймақтарда үш сағат ішінде 36 дронды жойғанын хабарлады.

Ал Украина Ресейдің Брянск облысындағы арсеналға да шабуылдағанын және Киевтің әуе қорғаныс жүйелері Ресей жіберген 145 дронның 62-сін жойғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Мәскеу де, Киев те жаңа дрондарды сатып алу мен әзірлеуге, оларды қолданудың инновациялық тәсілдерін іздеуге және оларды жоюдың жаңа жолдарын табуға ұмтылуда. Бұл үшін фермерлік мылтықтардан бастап, заманауи электронды кедергілер жүйесіне дейін әртүрлі құралдар қолдануда.

Пікірлер